
Жаттығулар «Судоремонтник» стадионында өтуде
Жаттығулар «Судоремонтник» стадионында өтуде
«Желтоқсан айында бастапқы оқу-жаттығу жиындарын өткіздік, ойыншылардың жалпы физикалық дайындықтарын жақсартуға бағытталған жаттығуларға мән бердік. Барлық жаттығулар ашық аспан астында, таза ауада өтті. 6 қаңтардан бастап жаңа маусымға дайындықты бастап кеттік, күнделікті жаттығуларымызға тренажер залын қостық. Жылдамдық төзімділігі және техникалық-тактикалық әрекеттерді жақсарту бойынша жұмыс жасаймыз. Құрамда көптеген өзгерістер орын алғанын атап өту керек. Негізінен жергілікті футбол орталығының түлектерін тартып, оларды екінші лига ойындары арқылы басты командамыздың құрамына дайындаймыз» - «Атырау-М» командасының аға бапкері Тимур Укубаев.
«Атырау» ФК баспасөз қызметі