«Атырау» ФК базасында «Көктемгі Демалыс» ашық турнирі өтті.

1 Сәуір 2021
Наурыздың соңғы күндері «Атырау» ФК футбол орталығының үйымдастыруымен «Көктемгі Демалыс» ашық турнирі өтті. Жарысқа 2006 және 2007 жылғы балалардан құралған үш команда қатысты: Атырау ФО U-15 командасы, Ақтөбе-ОРБЖСМ U-15 және Атырау ФО U-14 командалары.
Тартысты ойындар нәтижелері бойынша Атырау ФО U-15 командасы «Көктемгі Демалыс» ашық турнирінің жеңімпазы атанды. Ақтөбе-ОРБЖСМ U-15 командасы екінші орын алса, Атырау ФО U-14 командасы үшінші орынмен қанағаттанды.
Мансұр Төлепбергенов (Атырау ФО U-14) жарыстың үздік ойыншысы атанды.