"Атырау" ФК: Гаитилік ойыншының трансферлік ақысы төленген жоқ

5 Ақпан 2021
Ақ Жайық порталында жарық көрген «Атырау» футбол клубы 200 мың евроға ойыншы сатып алды деген мақалаға қатысты «Атырау» ФК келесіні хабарлайды.
Бұл ақпарат шыңдыққа сәйкес келмейді. Расында да «Атырау» сапына Гаити құрама командасының ойыншысы қосылды. Кристиан Алекс Джуниор командаға еркін агент ретінде қосылды (ақысыз), «Атырау» футбол клубы бұл трансфер үшін клуб ақша шығындаған жоқ. 27 жасар қорғаушы бұған дейін «Арарат – Армения» командасының сапында өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан Армения чемпионы атанды. Transfermarkt деректеріне сүйенсек Кристиан Алекс Джуниордың нарықтағы бағасы 200 мың евроға тең.