• Негізгі бет
  • Клуб
    • Клуб туралы
    • Басшылар
    • Қызыметкерлер
    • Стадион
    • Байланыстар
    • Клуб эмбелмасы
  • Негізгі құрам
  • Жастар құрамы
  • Баспасөз орталығы
  • Медиа
  • Жанкүйерлерге
  • Футбол орталығы

Той иелерi

Магазин
Рус Қаз Eng
  • Профессиональная футбольная лига Казахстана
  • Федерация футбола Казахстана
  • Официальный сайт европейского футбола
  • Международная федерация футбола

Клуб туралы

«Атырау» футбол клубы

«Атырау» футбол клубы шеберлер турнирлеріне 1980 жылдан бастап қатысып келеді.

Команданың алғашқы атауы – «Прикаспиец». Сол жылдары құрылған команда 1980-1981 жж. екінші лигада екі маусым өнер көрсетті. Алғашқы екі маусымында 74 ойнаған атыраулықтар 47 гол соғып, өз қақпаларына 170 гол өткізіп алды. Нәтижесінде 1980 жылы 19 орын алса, 1981 жылғы маусымда 18 орынға табан тіреді. Ең ірі жеңісі 1980 жылы СКИФ (Алматы) командасына қарсы ойында орын алды, 3:0. Ең ірі жеңіліс 0:7 есебімен аяқталған «Восток-Алтын» (Усть-Каменогорск, 1981 ж.) командасына қарсы кездесуде тіркелді.

Содан кейін Атыраудағы команда жабылып қалды.

2000 жылы клуб қайта құрылды. Жаңадан ашылған клубқа «Ақ Жайық» атауы беріліп, Бірінші лига командалары арасындағы турнирде өнер көрсетті. Келесі жылы атауын «Атырау»-деп өзгерткен команда еліміздің жоғарғы дивизионында өнер көрсетті. Қайта жаңғырған команда жасыл және ақ түстерін – клуб түстері ретінде тандады.

Өзінің алғашқы маусымында танымал қазақстандық маман Ваит Талгаев баптаған команда ел чемпионатында екінші орынға табан тіреді. 17 гол соққан шабуылшы Гурам Макаев команданың үздік бомбардирі атанды. Бұл көрсеткішке бүгінгі күнге еш бір ойыншы қол жеткізген емес.

Келесі маусымда Талгаевтың командасы жетістігін қайталады, бұл жолы 11 гол соққан Виталий Киццак команданың үздік бомбардирі атанды. 2003 жылғы маусымда «мұнайшылардың» көрсеткіштері бәсеңдей түсті – команда 4 орын алды.

Атырау алаңдарына жеңісті күндер 2009 жылы қайта оралды, команда өз тарыхында алғаш рет Қазақстан Кубогын женіп алды. «Астана-Арена» стадионында өткен финалдық ойында «Атырау» 1:0 есебімен қарағандылық «Шахтер» командасынан басым түсті. Жалғыз голдың авторы ресейлік шабуылшы Денис Зубко. Бұл кездері команда тізгінің отандық бапкер Вахид Масудов ұстаған болатын.

 

 

 

 

 

Халықаралық турнирлер

«Атырау» ФК екі мәрте УЕФА Кубогына қатысты. Команда 4 ойын өткізді. Бұл ойындарда  «Атырау» 1 гол соғып, өз қақпасына 8 гол өткізіп алды. Софиялық «Левски» командасына қарсы ойынның 1:4 есебі (2003-2004 жж.), команданың еврокубоктардағы ең ірі жеңілісі ретінде тіркелді. Сонымен қатар, команда Европа Лигасына екі ойын өткізді (2010/2011). Венгрияның «Дьёри» командасына өткізген ойында тіркелген 0:2 есебі, команданың Европа лигасындағы ең ірі ұтылысы болды.

 

Бас бапкерлері

«Атырау» клубында әр жылдары танымал отандық және шетелдік бапкерлер қызмет еткені жоғарыда да айтылды. Атап айтар болсақ, өздерінен кейін ең бір жарқын із қалдырғандары Ваит Талгаев, марқұм Антон Шох және Вахид Масудов. Клуб тарихында келесі бапкерлер қызмет етті: А.Амиров, Қ.Айманов, В.Талгаев, А.Голоколосов, С.Тимофеев, А.Аверьянов, В.Еремеев, Б.Байсеитов, С.Волгин, А.Шох, В.Масудов, В.Пасулько, Р.Маммадов, З.Филипович, Ю.Коньков, М.Радулович, В.Белявский.

«Атырау» футбол клубының негізгі қаланған күннен бастап осы күнге дейін қызмет етіп жүрген жергілікті бапкер Тимур Укубаевты да атап өту қажет.

 

Клуб түлектері

Өз тарихында клуб бірқатар жоғары деңгейлі футболшы тәрбиелеп шығарды. Атап өтсек Бейбіт Татишев, Денис Родионов және Валентин Чуреев. Жаңа буын футболшыларынан бұл тізімге Айбар Нұрыбековты қосуға болады.

Жартылай қорғаушы Денис Родионов Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бапкерлерінің назарына ілініп, 19 жасында ұлттық құрама командасының жейдесін киді. Ұлттық құрамада жалпы 13 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанды. Шабуылшы Бейбіт Татишев 5 гол соғып 2007 жылғы маусымда «Атырау» командасының үздік бомбардирі атанды. Валентин Чуреев «Атырау» ФК сапында толық спорттық мансабын өткізген жалғыз футболшы.     

 

 

Эмблема

Бастапқы уақытта «Атырау» ФК эмблемасы Атырау облысының эмблемасы негізінде жасалған болатын. 2014 жылдың мамыр айында команданың айнымас жанкүйері Андрей Кешишьян, команда капитаны Ренат Абдулин, клуб түлегі Валентин Чуреев, клуб директоры Асылбек Жантербаев және бас бапкер Анатолий Юревичтен құралған арнайы комиссия жаңа эмблемаға таңдау жасады, авторы команданың айнымас жанкүйері Нұрлан Тапанов.

 

Футбол орталығы

2013 жылы «Атырау» футбол клубының даму барысына жаңа серпіліс берілді – клуб тарихында алғаш рет футбол орталығы ашылды. Қазіргі таңда «Атырау» ФК футбол орталығында 9 – 18 жас аралығындағы 300-ге жуық тәлімгер футболдың қыр-сырымен танысып келеді. Жас футболшылармен 12 жергілікті бапкер-ұстаз жұмыс жасауда. ФО жаттығулары «Ривьера» стадионының жасанды төсенішінде және Балықшы кентінде орналасқан «Судоремонтник» стадионында өтеді.

Кейіннен Исатай ауданында «Атырау» футбол орталығының филлиалы ашылды. Бұл филлиалда 100-ге жуық жас футболшы тәлім алуда. Филлиал бапкерлері «Атырау» футбол орталығында тағылымдамадан өткізілді. Қазіргі таңда «Атырау» футбол орталығының бес командасы Қазақстан біріншілігінде өнер көрсетіп келеді. Былтыр 1999 жылғы футболшылардан құралған «Атырау» командасы Қазақстан чемпионы атанды. 

  

Алдыңғы ойын

«Атырау»
Атырау
«Агробизнес»
Агробизнес
0:1
  • 4 Ақпан , 2021
  • Турция
  • Жарыс туралы барлығы
  • Басты бет
  • Клуб
  • О клубе
  • Әкiмшiлiк
  • Стадион
  • Мемлекеттiк сатып алулар
  • Байланысулар
  • Футбол орталығы
  • Негiзгi құрам
  • Тренерский штаб
  • Игроки
  • Ойындар
  • Турнирлік жағдай
  • Соперники
  • Календарь
  • Дублёры
  • Тренерский штаб
  • Игроки
  • Календарь
  • Турнирлік жағдай
  • Пресс-центр
  • Жаңалықтар
  • Обзор прессы
  • Онлайн конференции
  • Медиа
  • Фото
  • Видео
  • Гимн клуба
  • Тұсқағаздар
  • Online
  • Болельщикам
  • Вопрос-ответ
  • Гостевая книга
Спортивный портал Казахстана
© 2021 «Атырау» футбол клубы
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2021 Поддержка сайта:
СИА «SPORTS.KZ»